![«Шахтер» мен «Астана» УЕФА рейтингісінде көтерілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38743.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарағандылық «Шахтер» мен елордалық «Астана» УЕФА рейтингісінде бірнеше сатыға көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
«Шахтер» ойыншылары Еуропа Лигасының 3-ші кезеңіндегі алғашқы ойында хорватиялық «Хайдук» командасын ұтып, енді рейтингте 208-ші орынды иеленеді. Ал, бірінші кездесуде швециялық «АИК» командасымен тең түскен «Астана» бұл рейтингте 4 сатыға жоғарылап, 327-ші орынға көтерілді.
Чемпиондар Лигасының 3-ші кезеңіндегі алғашқы ойынында хорватиялық «Стяуа» командасымен 2:2 есебімен тең ойнаған Қазақстанның чемпионы «Ақтөбе» 172-ші орында.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Шахтер» мен «Астана» УЕФА рейтингісінде көтерілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88429/)