![Ұлттық музейде Орталық Азия халықтарының жәдігерлер көрмесі өтуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38760.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Орталық Азия мен Кавказдағы дәстүрлі тоқыма өнері - Ұлы Жібек жолының мұрасы» атты көрме өтуде.
Келушілер назарына Санкт-Петербургтегі Ресей этнографиялық музейінің 400-ден астам жәдігері ұсынылды.
Олардың арасынан Орталық Азия мен Кавказ халықтарының дәстүрлі мәдениетіндегі құрал-саймандар мен станоктар, киім-кешектер, үй бұйымдары, мата үлгілері, Ислам дініне қатысты бұйымдар мен ескерткіштерді табуға болады.
«Орталық Азия мен Кавказдағы дәстүрлі тоқыма өнері - Ұлы Жібек жолының мұрасы» атты көрме - Қазақстан мен Ресейдің екі ірі музейінің алғашқы бірлескен жобасы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық музейде Орталық Азия халықтарының жәдігерлер көрмесі өтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88446/)