![EXPO-2017 көрмесінің үздік нышанына дауыс беру 4 тамызда басталады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38761.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
EXPO-2017 халықаралық көрмесінің үздік маскот дизайны байқауына арналған баспасөз мәслихаты 4 тамыз, сағат 14:00-де «Park Inn» қонақүйінде өтеді.
Баспасөз мәслихатына «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ-ның Маркетинг және қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Әсел Қожақова, «Green Penguin» агенттігінің арт-директоры Юлия Курова, «GOOD!» агенттігінің арт-директоры Берік Ерғалиев және графика дизайнері Мира Қанатова қатысады.
Байқау ұйымдастырушылары шешуші кезеңге шығатын 7 автордың жұмысын жариялайды. Олардың арасынан үздік жұмысты анықтау халық таңдауына беріледі.
Дауыс беру кезеңі тамыздың 4-18-і аралығында өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=EXPO-2017 көрмесінің үздік нышанына дауыс беру 4 тамызда басталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88447/)