![Мақсат Аязбаев, Бақтияр Қожатаев және Илья Давиденок «Astana Pro Team» командасына ауысты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38782.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Тамыз айында «Astana Pro Team» велокомандасына Astana Continental Team клубынан үш жас велошабандоз Мақсат Аязбаев, Бақтияр Қожатаев, Илья Давиденок ауысты. Олар шеберлігін шыңдау мақсатында жыл соңына дейін өнер көрсетпек.
Сондай-ақ, с жаңа 5 велошабандозбен келісімшартқа отырды. Келісімшарт 2015 жылдан бастап күшіне енеді.
Ларс Боом – Нидерланд – 2 жыл
Луис Леон Санчес – Испания – 1 жыл
Диего Роза – Италия – 2 жыл
Давиде Малакарне – Италия – 1 жыл
«Боом – классикалық үлгінің хас шебері. Ол «Тур де Франс» көпкүндігінің ауыр кезеңдерінің бірі 5-ші кезеңінде жеңіске жетті. Малакарне мен Роза – италиялық мықты шабандоздар, олар көпкүндік турнирлерде Фабио Аруға көмектеседі»,-дейді «Astana Pro Team» клубының бас менеджері Александр Винокуров.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мақсат Аязбаев, Бақтияр Қожатаев және Илья Давиденок «Astana Pro Team» командасына ауысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88468/)