![Каролин Возняцки қайырымдылық үшін Нью-Йорк марафонына қатысады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38793.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Даниялық теннисші Каролин Возняцки 2-ші қараша күні қайырымдылық үшін Нью-Йоркте жыл сайын өтетін марафонға қатысады, деп хабарлайды «Р-Спорт».
«Теннис кезінде маған қиын шақтарды еңсеруге көмектескен. Қазір мен өзімді жақсы сезінемін және басқаларға да жақсылық істегім келеді», - дейді теннисші.
Айта кетейік, Каролин Возцняцки марафон кезінде «Team for Kids» қайырымдылық ұйымының атынан жүгіреді. Оған дейін Каролин Возняцки ешқашан 18 шақырымнан артық жүгірмеген. Нью-Йорктегі марафонның қашықтығы - 42 шақырым 195 метр.
Қазіргі таңда 24 жастағы Каролин Возняцки әлемдік рейтингте 13-ші орында тұр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Каролин Возняцки қайырымдылық үшін Нью-Йорк марафонына қатысады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88479/)