![Қытайда зауыт жарылысынан 65 адам қайтыс болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38806.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қытайдың шығысындағы Куньшань қаласында орналасқан зауытта жарылыс болды. Жарылыс салдарынан 65 адам қаза тапты. Кем дегенде 120 адам жараланды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлайды.
Оқиға автокөліктердің қосалқы бөлшектерін құрастыру цехында болған. Басты себеп – жанғыш материалдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесінің сақталмауы. Екінші болжам – бу қазандығының жарылуы.
Айта кетейік, маусым айында Қытайдың солтүстік – батысында тау – кен өндірісінің зауытында жарылыс болған еді. Сол кезде 2 адам қайтыс болып, 6 адам жараланды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайда зауыт жарылысынан 65 адам қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88492/)