![Қазақстанда жаңа жол ережесі пайда болмақ](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38830.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанда жол қозғалысы ережелеріне «Бейнебақылау жүргізілуде» деген бірыңғай белгіні қосу жоспарлануда, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Біз ІІМ-мен бірге Жол қозғалысы ережелеріне белгі енгізу мәселесін пысықтаудамыз. Астана мен Алматы қалаларындағы жылдамдық өлшеуіштерде белгілер әртүрлі. ІІМ-мен бірлесе отырып - «Бейнебақылау жүргізілуде» деген белгі ойластырудамыз, оны көрген жүргізуші бейнетаспаға түсіріп жатқанын біледі және тәртіп бұзбауға тырысады. Бұл тәртіп бұзушылықтың алдын алуға оң септігін тигізеді», - деді «Астана Innovations» басқарма төрағасының орынбасары Досжан Досымқұлов.
Жол қауіпсіздік ережесіне енгізуге жоспарланып отырған белгі, жылдамдық өлшеу мен бірге бейнебақылау камераларында орнатылмақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда жаңа жол ережесі пайда болмақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88516/)