![Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ысиды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38833.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады. Солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Түнде Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қызылорда облысында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі. Ақтөбе облысында күн күркіреп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақмола, Қостанай облыстарының кей аймақтарында күн күркірейді. Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарында тұман түседі деп күтілуде.
Маңғыстау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ысиды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88519/)