![Павлодарлық 9,5 мың оқушыға «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38837.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Мектепке жол» акциясы аясында Павлодар облысының 9,5 мың оқушысына 86,6 миллион теңге көлемінде материалдық көмек беріледі. Дәстүр бойынша акция 1-тамызда басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Биылғы акция «Балаларға бақыт сыйла!» деген ұранмен өтуде. Шараның мақсаты: көпбалалы және тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерге көмектесу болып табылады.
«Біздің ұстаным - 1-ші қыркүйек күні барлық мектеп жасындағы балалар мектеп партасына отыруы тиіс. Ал, көмекке мұқтаж балалар саны шамамен 3 мыңға жетіп жығылады. Оларға мектеп киімі, аяқ киім және мектеп құралдары сияқты заттар сыйлыққа беріледі», - деді облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қорлан Құсбеков.
Жыл сайын бұл шараға жергілікті әкімдіктер, мемлекеттік мекемелер, ірі кәсіпорындар мен қалалық және ауылдық кәсіпкерлер атсалысуда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарлық 9,5 мың оқушыға «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88523/)