![Бернард Хопкинс Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуге қызығушылық білдіріп отыр](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38857.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
49 жастағы америкалық боксшы Бернард Хопкинс қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы кездесуге қызығушылық білдіргенін растады, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Бернард Хопкинс келесі жекпе-жегін қараша айында ресейлік Сергей Ковалевқа қарсы өткізеді. Аталға жекпе-жектен кейін Хопкинс Головкинмен жекпе-жекке шығыу үшін салмақ тастауға дайын екенін жеткізген. Америкалық боксшы алдағы Сергей Ковалевқа қарсы өткізетін жекпе-жектен кейін қарсыласы болуы мүмкін екі боксшыны атады. Олар – Андре Уорд пен Геннадий Головкин.
Еске сала кетейік, Бернард Хопкинс 20 сәуір күні өткен соңғы жекпе-жегінде отандасымыз Бейбіт Шүменовті жеңген болатын. Ал, Геннадий Головкин соңғы кездесуін 27 шілде күні АҚШ-та австралиялық Дэниэл Гилді нокаутпен жеңген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бернард Хопкинс Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізуге қызығушылық білдіріп отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88543/)