![Астаналық спортшы кәсіби панкратионнан Әлем чемпионы атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38858.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бурабай курортында «Бурабай Панкратион-2014» ХIV дәстүрлі халықаралық жекпе-жек фестивалі өтті, деп хабарлады кәсіби панкратионнан Азия лигасының баспасөз қызметі.
Бұл - халықаралық деңгейдегі 111 турнир. Онда «Аssenov Fight» нұсқасы бойынша Әлем чемпионының тоғызыншы белбеуі үшін тартыс өтті.
Әлем чемпионаты жеңіл салмақ 62,5 + 1 кг дәрежесіндегі спортшылар арасында өтті.
Жарысқа түрлі жекпе-жек өкілдері қатысты (каратэ, бокс, ушу-саньда, дзюдо, еркін күрес және т.б). Бұл жарыста Қазақстан, Азия, Еуропа және әлемнің мықтылары бәсекелесті.
Үш күн ішінде әлемнің 8 үздік файтері бас жүлдеге таласты. Астаналық Қанат Досмағамбетов жеңіске жетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астаналық спортшы кәсіби панкратионнан Әлем чемпионы атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88544/)