![Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 7-ші тамыз күні өткізеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38900.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің кезекті 18-ші жекпе-жегін 7-ші тамыз күні Колумбияның Барранкилья қаласында өткізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қанат Исламның қарсыласы колумбиялық Фидель Монтерроса қазірге дейін 43 кездесу өткізіп, оның 32-сін өз пайдасына шешкен. Сондай-ақ, 26 рет кездесуін мерзімінен бұрын аяқтап, 9 кездесуінде жеңіліп, 1-еуінде тең түскен.
Ал, Қанат қазірге дейін 17 кездесу өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен. 14 жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтаған. Қанат, Латын Америкасының чемпионы атағын 2-рет қорғамақшы
Бокс жергілікті телеарналарда тікелей эфирде көрсетеді. Жекпе-жек Астана уақытымен 8-ші тамыз күні таңғы сағат 08:00-де басталады, деп күтілуде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қанат Ислам келесі жекпе-жегін 7-ші тамыз күні өткізеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88586/)