![Израиль әскері Газа секторынан шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38911.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Израиль билігі Газа секторынан әскерін шығарды. Подполковник Питер Лернердің мәлімдеуінше, израильдік күштер Газаны тараптар арасындағы оқ атуды тоқтату туралы келісім күшіне енген уақыттан бастап, жергілікті уақытпен сағат 05.00-де босатты.
Соңғы шабуылда Израильдің ХАМАС ұйымы мен басқа да радикалды топтардың жерасты жолдарын бұзу мақсаты орындалды.
4 апта бойғы қақтығыста 1700-ге жуық палестиналық пен 67 израильдік, 1 тайландтық тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды ВВС.
«Израильдің қорғаныс күштері Газа секторынан тыс аймақтарға орналасатын болады. Біз қорғаныстық позициямызды жалғастыра береміз»,- деді подполковник Питер Лернер мәлімдемесінде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Израиль әскері Газа секторынан шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88597/)