![«Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы тұңғыш бейнебаянын түсірді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38915.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында өткен «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы Шахаризат Сейдахмет тұңғыш бейнебаянын түсірді.
«Мақпалжан» әнінің сөзін жазған Ержанат Байқабай, әні - Қажымұрат Шешенқұлдікі. Ән бұған дейін халыққа Тоқтар Серіковтің орындауында танылған болатын.
Жаңа бейнебаянды «AIMVI» продюсерлік орталығы Алматы маңында түсірді. Әнді орындауда электр-домбыра қолданылған.
Айта кетейік, Шахаризат Сейдахмет - Ұлттық арна көрермендерінің көзайымына айналған «Қазақстан дауысы» жобасында Нұрлан Албанның тобында өнер көрсетіп, жеңіп шыққан болатын. Ол көпшілікке дәстүрлі әндерді орындаумен таныс.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы тұңғыш бейнебаянын түсірді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88601/)