![Елбасы Үкіметтің жаңа құрамының жұмысына сәттілік тіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38962.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында атқарушы биліктің жаңартылған құрамын айқындаған ҚР Президенті Н. Назарбаев Үкіметтің алдағы жұмысына сәттілік тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Тұрмысты шарықтатып, тіршілікті түзетін тек - бейбіт өмір, адал еңбек. Жасампаз істер татулық пен тұрақтылық арқылы ғана жасалады.
Барды бар ғып, құндылықты қадірлеу әрбір азаматтың міндеті. Ел бірлігі - ең асыл қазына, ең асыл қасиет. Осы асыл қазынаны көздің қарашығындай сақтау тұтас Қазақ елінің алдындағы ұлы парыз», - деді Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, Елбасы «Қазақстан-2050» бағытында айқындалған Мәңгілік ел болу жолында халықтың бүгінгі бағыты жалғасатынын атап өтті.
«Осында отырған баршамыз, сондай-ақ барлық қазақстандықтар елдің ертеңі үшін жұмыс істесек, сонда ғана мақсатымызға жетеміз. Бағдарламалар бекітілді, тапсырмалар айқын. Енді тек жұмыс істеу керек. Ендеше сәттілік тілеймін», - деді Мемлекет басшысы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Үкіметтің жаңа құрамының жұмысына сәттілік тіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88648/)