![Чемпиондар Лигасы: «Стяуа» - «Ақтөбе» - 2:1](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38972.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Чемпиондар Лигасының үшiншi іріктеу кезеңінің қарымта кездесуінде «Ақтөбе» сырт алаңда румыниялық «Стяуадан» 2:1 есебiмен жеңiлiп қалды.
Ойынның үшiншi минутында Александру Кипчу есеп ашып, алаң иелерін алға шығарды. Ал, бірінші тайм аяқталар тұста, яғни 39-шы минутта Николаэ Станчу гол соғып есепті 2:0 жеткізді. Бірінші тайм осы есеппен аяқталды.
Екiншi таймда «Ақтөбе» командасының капитаны Логвиненко екi сары қағаз алып, ойыннан қуылдын. Сонда да ақтөбелік клуб ерлік танытып, жауап голын соқты. Ойынның 85-ші минутында Тимур Кападзе қазақстандық команданың жалғыз голының авторы атанды.
Естеріңізге сала кетейік, екi команда арасындағы алғашқы матч Ақтөбеде 2:2 есебiмен аяқталған болатын. Екі ойынның қорытынды нәтижесі, 3:2. «Стяуа» клубы келесі кезеңге өтті.
Чемпиондар Лигасының үшiншi раундында сүрiнген «Ақтөбе» ендi Еуропа Лигасында бақ сынайы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Чемпиондар Лигасы: «Стяуа» - «Ақтөбе» - 2:1&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88658/)