![Либерияда «Эбола» безгегіне байланысты төтенше жағдай жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38982.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Либерия президенті Элен Джонсон-Серлиф «Эбола» вирусының жайылуына байланысты елде төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы ВВС хабарлайды.
«Эбола» безгегі, сондай-ақ, Гвенияда, Сьерра-Леонда, Нигерияда өршіп тұр. Вирустан 930-дан астам адам қайтыс болған.
Бүгінгі таңда «Эбола» вирусына қарсы ешқандай вакцина жоқ. «Вирусқа қарсы зерттеу дәрілерін адамдарға сынап көру әлі ерте», - дейді АҚШ президенті Барак Обама. Оның айтуынша, бұл проблеманы зерттеп жатқан ғалымдардың шешімін күту қажет.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Либерияда «Эбола» безгегіне байланысты төтенше жағдай жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88668/)