![Қанат Ислам кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39003.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің 18-жекпе-жегін өткізіп, колумбиялық қарсыласын 5 раундта жеңді. Бұл туралы senkazakh.com сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.
Қанаттың кезекті жекпе-жегі 7 тамыз күні (Қазақстан уақыты бойынша бүгінгі таң) Колумбияның портты қаласы Барранкильяда өтті. Бұл - Қанаттың Латын Америкасы чемпиондық белгісін 2-рет қорғауы.
Естеріңізге сала кетейік, колумбиялық Фидель Монтерроса осы айқасына дейін 43 кездесу өткізіп, оның 32 сін өз пайдасына шешкен. 26 рет жекпе-жегін мерзімнен бұрын аяқтаса, 9 кездесуінде жеңіліп, 1 кездесуде тең түскен.
Қанат осыған дейін 17 кездесу өткізіп оның бәрінде жеңіске жеткен. Оның 14-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Бүгін 18-жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, бұл - оның 15-ші нокауты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қанат Ислам кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88689/)