![«Шахтер» Еуропа Лигасынан шығып қалды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39005.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарағандылық «Шахтер» футбол клубы Еуропа Лигасының үшiншi іріктеу кезеңінде сырт алаңда хорватиялық «Хайдук» командасынан 0:3 есебiмен жеңiлiп, плей-офф кезеңiне өте алмады.
Бірінші таймның 14-ші минутында «Хайдук» клубының ойыншысы Тино-Свен Сушич есеп ашса, 36-шы минутта Антон Маглица гол соғып, есепті 2:0 жеткізді. Ал, ойынның соңғы минуттарында Сандро Готаль есептi 3:0-ге жеткiздi.
Еске сала кетейiк, Қарағандыда өткен бiрiншi матчта «Шахтер» хорватиялық клубты 4:2 есебiмен жеңген болатын.
«Хайдук» пен «Шахтер» клубының статистикасы:
Қақпаға жасаған соққы: 16 — 7
Ойын тәртібін бұзған: 13 — 21
Қақпа бағанына тиген доп: 1 — 0
Ойыннан тыс қалған: 4 — 3
Бұрыштама доп: 9 — 7
Сары қағаз: 3 — 1
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Шахтер» Еуропа Лигасынан шығып қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88691/)