![Михаил Кукушкин «Челленджер» турнирінің жартылай финалына шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39049.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-та өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің жекелей сынында жартылай финалға шықты. Турнирдің жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайды.
Ширек финалдық бәсекеде Михаил Кукушкин турнирдің бесінші ракеткасы индиялық Сомдев Девварманды үш сетте – 7:5, 4:6, 6:2 есебімен жеңді.
Жартылай финалда Михаил Кукушкин америкалық Райан Вильямспен күш сынасады.Турнирдің жартылай финалына шыққаны үшін Кукушкин 5 мың АҚШ доллары және 35 рейтингтік ұпай жинады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Михаил Кукушкин «Челленджер» турнирінің жартылай финалына шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88735/)