![Бүгін Астанада хоккейден Қазақстан Президенті Кубогы турнирі басталады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39056.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында бүгін хоккейден «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» V халықаралық турнирі өтеді. Турнирде «Барыс». «Авангард» (Омбы), «Нефтехимик» (Нижнекамск) пен «Металлург» (Новокузнецк) командалары кубогты сарапқа салады.
Бүгін бірінші кезеңнің матчтары өтсе, 10 -11 тамыз күндері екінші және үшінші кезеңнің матчтары өтеді. Финал тамыздың 12-сі күні өтеді. Хоккейден Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Бұған дейін отандық «Барыс» командасы үш мәрте жеңімпаз атанған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Астанада хоккейден Қазақстан Президенті Кубогы турнирі басталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88742/)