![Кукушкин АҚШ-тағы «Челленждер» дәрежесіндегі турнирдің финалына шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39082.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-тың Аптос қаласында өткен «Челленждер» дәрежесіндегі турнирдің финалына шықты.
Жартылай финалда ол жергілікті теннисші Уильямс Райнды 6:2, 6:2 есебімен жеңді.
Турнирдің бастапқы кезеңінде қазақстандық теннисші жапондық Ясутаку Учиямуды - 6:2, 6:3, екінші кезеңде британдық Джеймс Уордты - 6:3, 6:4, ширек финалда үнділік Сомдев Девварманды - 7:5, 4:6, 6:2 есебімен ұтты.
Кукушкин ақтық сында Багдатис Маркоспен кездесетін болады.
Турнирдің сыйақы қоры 100 мың АҚШ долларына тең.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кукушкин АҚШ-тағы «Челленждер» дәрежесіндегі турнирдің финалына шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88768/)