![Жазушы, драматург Қалихан Ысқақпен қоштасу рәсімі ертең өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39123.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қалихан Ысқақ 79 жасында дүниеден озды.
Ертең таңғы сағат 11:00-де ҚР Жазушылар одағы ғимаратының алдында қаламгермен қоштасу рәсімі өтеді.
«Ал кешкі сағат 18:40-та жазушының мүрдесі туған жері Шығыс Қазақстан облысына жөнелтіледі. Бүрсүгүні Катонқарағай ауданының Топқайың ауылында жерлеу рәсімі болады», - деп хабарлайды ҚазАқпарат жазушы Дидахмет Әшімханға сілтеме жасап.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жазушы, драматург Қалихан Ысқақпен қоштасу рәсімі ертең өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88809/)