![Астанада 16-23 тамыз аралығында мектеп жәрмеңкесі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39128.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада 16- 23 тамызда мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұл туралы strategy2050.kz сайты хабарлады.
«Мектеп жәрмеңкесі 16 және 23 тамыз күндері Астана әкімдігі алдындағы орталық алаңда ұйымдастырылады. Жәрмеңкеде мектеп киімдері, оқу құрал-жабдықтары төмен бағада сатылады. Ата-аналар таңғы сағат оннан кешке дейін жәрмеңкеге келіп, төмен бағада қажетті дүниелерін сатып ала алады», - деді қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Сенғазиев.
Сонымен қатар, қаладағы «Хан шатыр», «Керуен» тәрізді ірі сауда орындарының алдында да контейнерлер орнатылуы көзделуде. Мұндай акция Астанада бірінші рет ұйымдастырып отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада 16-23 тамыз аралығында мектеп жәрмеңкесі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88814/)