![20 тонна түсті металды шекарадан заңсыз өткізбек болған Ресей азаматы ұсталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39138.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақ-Ресей шекарасында салмағы 20 тонна түсті металл өткізбек болған ресейлік азамат ұсталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан облысындағы «Жайсаң» көлікті өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары түсті металды шекарадан заңсыз өткізбек болған Ресей Федерациясының азаматын ұстады.
Құймадан құйылып, цилиндр түрінде жасалған заңсыз жүктің салмағы - 20 тонна.
Оны тексергенде жүкті алып өтуге қажетті сертификат пен лицензиясы болмай шыққан. Ал, жүктің құны 40 000 000 теңге болады.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=20 тонна түсті металды шекарадан заңсыз өткізбек болған Ресей азаматы ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88824/)