![Голливудтық актер Робин Уильямстың өлі денесі табылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39155.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Белгілі америкалық актер Робин Уильямс 63 жасында қаза тапты. Оның өлі денесі Калифорниядағы үйінен табылған, деп хабарлайды ВВС.
Робин Уильямс - «Оскар» сыйлығының, бірнеше мәрте «Алтын глобус» жүлдесінің иегері.
Ол кино әлемінде «Өлі ақындар қоғамы», «Қайырлы таң, Вьетнам!» фильмдері арқылы танылды.
Сондай-ақ, «Ақылды Уилл Хантинг» картинасындағы рөлі үшін Америка киноакадемиясының «Үздік актер» наградасымен марапатталған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Голливудтық актер Робин Уильямстың өлі денесі табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88841/)