![Астанада Спорт күнін мерекелеу аясында 40 жуық іс-шара өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39167.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жыл сайын тамыздың үшінші жексенбісінде аталып өтетін Спорт күніне орай Астанада 40-тан астам іс-шара өтеді.
Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қаланың үш ауданында мерекелік жарыстар мен «Көңілді старт» жобасы 12 тамызда басталып кетті.
14 тамыз күні Пушкин көшесі 9 мекенжайында жалғасады.
Сонымен қатар, Көкталдағы Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде бірнеше спорт түрі бойынша қала біріншіліктері өтеді.
Қала қонақтары мен тұрғындары 14-17 тамызда Астана, Көкшетау, Атбасар командалары арасында матчтық кездесуді, 15-17 тамыз аралығында «Толқын» спорт кешенінде бокстан 1999-2000 жылы туған балалар арасындағы кездесуді тамашалай алады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Спорт күнін мерекелеу аясында 40 жуық іс-шара өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88853/)