![«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Поэзия әлемі» атты жаңа жоба ұсынады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39171.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
16 тамыздан бастап, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан жас ақындардың шығармашылығына арналған әдеби-танымдық «Поэзия әлемі» бағдарламасы көрерменге жол тартады.
«Поэзия әлемі» - бүгінгі қазақ ақындарының шығармашылығымен қатар, тыныс-тіршілігін, жеткен жетістіктерін таныстыратын бірегей жоба.
Мақсат - өлең оқуда биік талғам қалыптастыру, қазақ поэзиясына жаңа леп әкелген есімдерді таныстыру, ақынның өзіне ғана тән портретін жасап шығару.
Сондай-ақ, оның өміріндегі ең қызықты, ең қайғылы немесе ең шешуші сәттеріндегі мінез-құлқы мен болмысын ашып көрсету.
«Поэзия әлемінің» өзге әдеби-танымдық бағдарламалардан ерекшелігі - жас ақынның өлеңдеріне арнайы бейнебаяндар түсірілді.
Жобаның алғашқы кейіпкері – ақын Маралтай Райымбекұлы.
Алғашқы хабарды 16 тамыз күні сағат 12.55-те тамашалай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Поэзия әлемі» атты жаңа жоба ұсынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88857/)