![14-16 тамызда Қазақстанның кей аймағында күн салқындайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39184.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанның барлық аумағында суық атмосфералық фронттары бар циклон ауа-райы сақталады.
Республиканың көптеген облыстарында жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде, желдің 15-23 м/с дейін күшеюі күтіледі.
Солтүстік және орталық облыстарда күндізгі температура 17 градустан 27 градусқа дейін төмен болады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және шығыста ыстық ауа райынан 30-38 градустан 25-30 градусқа дейін төмендеуі болжанады.
Батыс облыстарында температураның 33-38 градусқа дейін, кей жерлерде 43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=14-16 тамызда Қазақстанның кей аймағында күн салқындайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88870/)