![Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 4 саты төмен сырғыды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39196.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ФИФА тамыз айындағы Ұлттық құрамалардың рейтингісін жариялады. Қазақстан Ұлттық құрамасы бұл айдағы рейтингте 4 орын төмен сырғыған.
Юрий Красножан баптайтын Ұлттық құрама 12-ші тамыз күні Тәжікстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, жеңіске жеткенімен ФИФА рейтингінде жоғары орынға көтеріле алмады. Өткен айда 127-ші орыннан көрінген Қазақстандық футболшылар бұл айда 4 саты төмендеп, 131 орынға тұрақтады.
ФИФА рейтингінің алғашқы ондығында өзгеріс жоқ.
2016 жылы Францияда өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі қарсыластарымыз – Нидерланд 4-ші, Түркия 32-ші, Чехия 35-ші, Исландия 46-шы, Латвия 100-ші орынға жайғасқан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 4 саты төмен сырғыды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88882/)