![Жамбыл облысында 145 сүт дайындайтын бекет ашу көзделуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39256.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жамбыл облысында 145 сүт дайындайтын бекет ашу көзделуде. Бұл мақсатқа 1,6 миллиард теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап strategy2050.kz
Жалпы, аймақта «Агробизнес-2020», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламалары бойынша отбасылық типтегі 83 шағын сүт-тауар фермасын ашу жоспарланған.
«Соңғы үш жылда облысқа 1259 бас шетелдік асыл тұқымды мал сатып әкелінді. Мал басы 6 400 басқа дейін ұлғайтылады. 4,6 миллиард теңге инвестиция тартылып, 370 жұмыс орны ашылады», делінген хабарламада.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында 145 сүт дайындайтын бекет ашу көзделуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88942/)