![Қазақ радиосының журналисі «Астана EXPO-2017» компаниясы жариялаған байқауда жеңімпаз атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39310.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы жариялаған байқау өз мәресіне жетті. Мақсат - EXPO-2017 көрмесіне қатысты республикалық БАҚ-тағы ең үздік материалды анықтау.
Дода екі ай бойы жүріп, 140-тан астам материал сарапшылар сынынан өтті.
«Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметов журналистерді құттықтап, сайыс жеңімпаздарына 150 мың теңге көлеміндегі бағалы сыйлықтар табыс етті.
Әділқазылар алқасының төрағасы, белгілі журналист Сейітқазы Матаев: «2017 жылы елімізде өткелі отырған көрме - тарихи шара. Ол еліміздің имиджін әлем алдында ілгерілету үшін керек. Болашақта әріптестеріміз бұл тақырыпты одан әрі тереңірек зерттеп, қызықты материалдарымен қуанта береді деп сенеміз», - деді.
Айта кетейік, қазылар алқасының шешімімен «Қазақ тіліндегі ең үздік радиохабар» номинациясы бойынша Қазақ радиосының Әлеуметтік бағдарламалар редакциясының тілшісі Эльмира Нұртайқызы жеңімпаз деп танылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақ радиосының журналисі «Астана EXPO-2017» компаниясы жариялаған байқауда жеңімпаз атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/88996/)