![Су добы бойынша FINA сайысы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39315.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
19-24 тамыз аралығында Алматыда ерлер арасындағы су добы бойынша FINA-2014 Әлем Кубогы өтпек. Сайысқа Қазақстан, БАӘ, АҚШ, Австралия, Сербия, Черногория, Хорватия және Венгрия елдерінен келген 8 құрама қатысады.
Бұл сайыс 1979 жылдан бері Халықаралық жүзу федерациясының (FINA) қолдауымен өткізіліп келеді. 1999 жылға дейін сайыс әр екі жыл сайын өткізіліп тұрды, ал 2002 жылдан бастап турнир 4 жылда бір рет өтетін болды.
Румынияның Орадя қаласында өткен соңғы Әлем Кубогында Сербия спортшылары үздік шыққан болатын. Екінші орынды Хорватия, ал, үшінші орынды Испания құрамасы алды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Су добы бойынша FINA сайысы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89001/)