![23 тамызда Астанада «Абай оқулары» өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39317.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биыл елімізде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 169 жылдығы тойланады.
Осыған орай, 23 тамызда Астанада ақынға арналған ескерткіштің жанында «Абай оқулары» өтеді.
Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Абай - қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, композитор, қоғам қайраткері. Ақынның шығармалары әлемнің бірнеше тіліне аударылған. 170 өлеңнің, 56 аударманың авторы. Сондай-ақ, бірнеше поэма мен Қара сөздер жазған.
Еске салайық, өткен жылы қаңтар айында тегін мобильдік қосымшада Абай Құнанбаевтың Қара сөздерінің аудионұсқасы жарық көрді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=23 тамызда Астанада «Абай оқулары» өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89003/)