![«Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы жекпе-жектің билеттері сатылымға түсті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39326.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қыркүйектің 9-10 күндері Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтетін Дүниежүзілік бокс сериясындағы «Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы алыптар айқасына билеттер бүгіннен бастап сатылымға шығарылды.
Билеттерді Конгресс-холл, «Қазақстан» орталық концерт залының және «Жастар» сарайының кассасынан алуға болады. Сондай-ақ, «Сарыарқа, «Мега», «Керуен» сауда орталықтары мен «Меломан» дүкендер желісінде сатылады.
9-шы қыркүйек (бірінші күн) күнгі билеттер сары бояумен ал, 10-шы қыркүйек (екінші күн) күнгі билеттер көк түспен бейнеленген. Бір билет тек бір күнге жарамды. Билеттер бағасы 500-2000 теңге, ал партер билеттері 3000-5000 теңге.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана арландары» мен «Куба қабыландары» арасындағы жекпе-жектің билеттері сатылымға түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89012/)