![Алматы облысының әкімі ауысты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39329.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматы облысына жұмыс сапарының екінші күні облыс активімен кездесті.
Елбасы облыс активіне өңірдің жаңа әкімі Амандық Баталовты таныстырды.
Біздің анықтама:
Баталов Амандық Ғаббасұлы 1952 жылы 22 қарашада дүниеге келген.
1992 жылы «Құрылыс индустриясы және технология» концернінің вице-президенті;
1992-1994 жж. - Алматы облысы Калинин ауданы әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, бірінші орынбасары;
1994-1995 жж. - Ленин аудандық әкімшілігінің жетекшісі;
1995-2001 жж. - Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі;
2001-2008 жж. - Алматы облысы әкімінің орынбасары,
2008 жылдың сәуір айынан бері Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
kapital.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысының әкімі ауысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89015/)