![Нибали мен Винокуров «Rixos Borovoe» қайырымдылық веложарысына қатысады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39354.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
23 тамыз күні дәстүрлі «Rixos Borovoe» қайырымдылық веложарысы өтпек. Шараға қазақстандық және шетелдік компаниялардың топ-менеджерлері мен мемлекеттік мекемелердік басшылары, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысады. Веложарыстың басты қонақтары – «Тур де Франс-2014» жарысының жеңімпазы Винченцо Нибали және Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуров.
Қайырымдылық веложарысты «Rixos Borovoe» қонақүйі мен Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қоры Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.
Шараның мақсаты – Көкшетау қаласындағы облыстың перинаталдық орталығына қолдау көрсету. Акция сонымен қатар, Щучье-Бурабай курортты аймағының туризмін насихаттауға бағытталған.
Шараға 200-дей адам қатысады, деп күтілуде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нибали мен Винокуров «Rixos Borovoe» қайырымдылық веложарысына қатысады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89040/)