![Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында республикалық спартакиада өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39370.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
23-24 тамыз күндері Астанада орталық мемлекеттік органдардың республикалық спартакиадасы өтеді.
Спартакиада үстел теннисі, волейбол, жүзу, шағын футбол және бильярд бойынша ұйымдастырылмақ.
Шара мақсаты - мемлекеттік қызметкерлер арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарыстар «Сарыарқа» республикалық велотрегі мен «Астана арена» стадионында өтеді.
Шараға 20-дан аса мемлекеттік орган өкілдері қатысады, деп күтілуде.
Спартакиаданың салтанатты ашылуы 23 тамыз күні сағат 10.00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында республикалық спартакиада өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89056/)