![Нанкин-2014. Ауыр атлетші Татьяна Капустина қола жүлдегер атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39395.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық ауыр атлетші қыз Татьяна Капустина Жасөспірімдер арасындағы Жазғы Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.
Татьяна Капустина +63 келі салмақта сынға түсіп, екі жаттығу бойынша 228 (105+123) келі көтерген. Алтын медальді тайландтық спортшы Дуанганксорн Чайди 244 (106+138) келі нәтижемен еншіледі. Ал, күміс медаль Татьянамен бірдей ұпай жинаған ресейлік Светлана Щербаковаға бұйырды. Себебі, оның салмағы Татьяна Капустинадан аз болған. Ол қос сайыста 228 (103+125) келі көтерген.
Бұл Нанкин Олимпиадасындағы қазақстандық спортшылардың үшінші медалі. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін дзюдошы Бауыржан Жауынтаев Олипиаданың «алтын» алған болса, кеше ауыр атлетшіміз Жасұлан Қалиев қола алған болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нанкин-2014. Ауыр атлетші Татьяна Капустина қола жүлдегер атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89081/)