![Қант диабеті қандай дерт?](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39399.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қант диабеті - ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.
Ең басты себептердің бірі - тамақтану салтының өзгеруі, атап айтқанда, қантқа тез айналатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану.
Бүгінде бұл дертке екінің бірі шалдыққан. Аурудың алдын алуға бола ма? Қандай ем-дом шараларын қолданған жөн? Бүгін 10.00-де «Дауа» хабарынан көріңіз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қант диабеті қандай дерт?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89085/)