![Словения құрамасының ойыншысы Жига Павлин «Сарыарқаға» ауысты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39425.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Словения құрамасының қорғаушысы Жига Павлин «Сарыарқа» командасына ауысты. Өткен маусымда 29 жастағы хоккейші Швецияның екінші лигасындағы «Троя-Юнгбю» командасының намысын қорғаған. Павлин 57 ойында 26 (5+21) ұпай жинаған.
Сонымен қатар, ол Словения ұлттық құрамасының сапында Сочиде өткен Олимпиада ойындары мен соңғы 6 Әлем чемпионатында мұзайдынға шыққан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Словения құрамасының ойыншысы Жига Павлин «Сарыарқаға» ауысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89111/)