![Кот-Д‘Ивуар «Эбола» вирусы үшін Гвинея және Либериямен шекарасын жапты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39438.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Кот-Д‘Ивуар билігі сенбі күні «Эбола» вирусынан қауіптеніп, Гвинея және Либериямен шекарасын жапты. Кот-Д‘Ивуардан бір күн бұрын Сенегал да өз шекарасын жапқан, еді.
Дүниежүзілік Денсаулықты қорғау ұйымы шекараны жабу міндетті емес екені туралы бірнеше рет мәлімдеген. Ал, сенбі күні Сьерра-Леонеде «Эбола» вирусын Ұлыбритания азаматы жұқтырғаны белгілі болды.
ДДҰ мамандары бұл эпидемиямен күрес үшін 6-9 ай керек екенін айтады. Олардың мәліметіне сейкес, эпидемиядан Батыс Африкада 1420 адам жапа шегіп, 2600 адам ауруды жұқтырған. Осы уақытқа дейін 624 адам қайтыс болған Либерияда жағдай ауыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кот-Д‘Ивуар «Эбола» вирусы үшін Гвинея және Либериямен шекарасын жапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89124/)