![Вуэльта – 2014. Фабио Ару үшінші кезеңде 29-шы орыннан көрінді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39467.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Италиялық велошабандоз Фабио Ару «Вуэльта» көпкүндігінің 3-ші кезеңінде «Astana Pro Team» клубының сапында мәре сызығын 29-шы кесіп, өз командасындағы үздік нәтижеге ие болды.
Үшінші кезеңнің жеңімпазы Orica-GreenEdge командасының өкілі австралиялық Майкл Мэттьюз атанды. Ал, мәре сызығын екінші ирландиялық Даниэль Мартин (Garmin-Sharp) кесті. Ресейлік «Катюша» командасының шабандозы Хоаким Родригес үшінші келді. Фабио Ару кезең жеңімпазынан 7 секунд артта қалып қойды.
Жалпы есеп бойынша Майкл Мэттьюз бірінші (Orica-GreenEdge), одан 4 секунда қалып келе жатқан колумбиялық Наиро Кинтана (Movistar) екінші орында тұр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Вуэльта – 2014. Фабио Ару үшінші кезеңде 29-шы орыннан көрінді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89153/)