![«Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» халықаралық қозғалысы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39523.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» халықаралық қозғалысының негізі 1980 жылдың желтоқсанында қаланған. Ал, қозғалыстың алғашқы конгрессі 1981 жылы АҚШ-тың Арли қаласында өтті.
Конгресске қатысқан 11 мемлекет ядролық соғыстың салдары туралы материалдарды жариялады. Сол жиында бүкіл әлем атом бомбасының қасіреті туралы көптеген жаңа мәлімет алды. Мысалы, егер 1 мегатонна болатын бір атом бомбасы 1 миллион халқы бар қалаға тасталса, 300 мың тұрғынын бірден, ал тағы 400 мың адам күйік, түрлі сәуле ауруынан қайтыс болады.
1984 жылы өз қызметі үшін федерация ЮНЕСКО-ның сыйлығына ие болды. Қазірде қозғалыстың қатарына 65 мемлекеттен дәрігерлердің топтары енеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» халықаралық қозғалысы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89209/)