![Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржол желісін ашу мәселесі қаралды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39536.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесті. Кездесу Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғанның инаугурациясы рәсімі аясында өтті.
Екі елдің басшылары сауда-экономика, көлік-транзит және отын-энергетика салаларындағы екіжақты ықпалдастықтың негізгі бағыттарын, сондай-ақ, күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркіменстанға алдағы сапарының негізгі аспектілері, Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржол желісін ашу жайында әңгіме өрбіді.
akorda.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржол желісін ашу мәселесі қаралды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89222/)