![Құрбан айтқа қарсы Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара жабылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76283.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Құрбан айт мерекесі кезінде Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара жабылады. Шығыстағы көршіден тауар тасып жүрген кәсіпкерлерге ескерту. Қыркүйектің 24-і мен 28-і аралығында олар шекарадан өте алмайды.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі хабарлады. 28-нен кейін Қытайда да ұлттық мереке басталады. Сондықтан, 28-і күні де шекара ашылмауы мүмкін. Әзірге көрші ел тарапынан нақты ақпарат берілмеген.
Индира ТҰРСЫНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Құрбан айтқа қарсы Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара жабылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/8927/)