![Атырауда «Көшпенділер» атты мүсіндер көрмесі ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39601.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Атырауда белгілі қазақстандық суретші, «Болашақ» президенттік сыйлығының лауреаты Марат Ғабдрахмановтың күмістен жасалған мүсіндерінің көрмесі ашылды.
Көрмеге 70-тен астам туынды қойылды.
«Туындылар Батыс Қазақстанда тұрған көшпенді халықтың мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, өнерін қамтыды. Бұл - республикадағы күмістен жасалған мүсіндердің алғашқы көрмесі. Осыған дейін туындылар Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мұражайында, Ресей және АҚШ галереяларында қойылған.
Қазақстандықтар бірінші болып күмістен жасалған мүсіндердің ауқымды көрмесін тамашалайтын болды», - деді көрменің ашылу салтанатында Марат Ғабдырахманов.
ҚазАқпарат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда «Көшпенділер» атты мүсіндер көрмесі ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89287/)