![Зарина Диас US Open турнирінің жұптық бәсекесінде ширек финалға жолдама алды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39647.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық теннисші Зарина Диас АҚШ ашық чемпионаты US Open турнирінің жұптық бәсекесінде ширек финалға шықты.
Үшінші айналымда 20 жастағы Зарина Диас пен қытайлық И Фань Сюй жұбы Люси Храдечку (Чехия) пен Михаэллу Крайчекті (Нидерланд) екі сетте – 7:6 (7:3) 6:2 есебімен ұтты.
Енді, Зарина Диас пен И Фань Сюй жұбы ширек финалда Сания Мирза (Үндістан)/Кара Блэк (Зимбабве) - Елена Янкович (Сербия)/Клара Коукалова (Чехия) жұптарының жеңімпаздарымен күш сынасады.
Естеріңізге сала кетейік, Зарина Диас жекелей бәсекенің үшінші айналымында ресейлік Екатерина Макаровадан екі сетте – 2:6, 4:6 есебімен ұтылып қалған еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Зарина Диас US Open турнирінің жұптық бәсекесінде ширек финалға жолдама алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89333/)