![Алматы галерея қаласына айналды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39650.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биыл Алматы 5-ші рет галерея қаласына айналды. Онда 28 тамыздан 29 қыркүйекке дейін «ARTBAT FEST» атты халықаралық заманауи өнер фестивалі өтуде. Осы уақыт аралығында фестивальге қатысушы қазақстандық және шетелдік суретшілердің паблик-арт, дәріс оқу, перформанс, шеберлік сыныптары мен экскурсиялары ұйымдастырылады.
Фестиваль кураторы Кристина Штейнбрехердің айтуынша, суретшілердің басты мақсаты – көрме жұмыстары мен көрмеге келуші бір-бірімен үндесе алатындай барынша интерактивті қылу.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы галерея қаласына айналды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89336/)