![Елорда мектептерінде тақырыптық сабақтар өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39655.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1 қыркүйекте Астананың барлық білім мекемесінде Білім күніне арналған «Қазақстандық жол - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбында сабақтар өткізіледі.
1 және 2 қыркүйекте «Патриотизм мен ерлік, бейбітшілік пен келісім сабағы» тақырыбында сабақтар өтеді. Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы, тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар Бас басқармасының және Астана гарнизоны бөлімдерінің офицер тәрбиешілері бүгін №25, №35 орта мектептерінің және №72 мектеп гимназиясының, ал ертең №60 мектеп гимназиясының оқушыларымен кездеседі. Әскери қызметшілері патриотизм мен ата-бабаларымыздың ерлігі жайлы айтып, деректі фильмдер көрсетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елорда мектептерінде тақырыптық сабақтар өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/89341/)